«Эйр Астана» 2018 жылдың 1 маусымынан бастап Астанадан Лондонға күн сайын ұшатын болады. Жаңа жиіліктер сәрсенбі және жұма күндері қосылады, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
«Қазақстан мен Ұлыбританияны байланыстыратын және сұраныс көп бұл рейсті күнделікті жасағанымызға қуаныштымыз. Лондонның маңызы іскер адамдар мен туристер үшін күннен күнге өсіп келеді. Және бұл әуекомпания үшін стратегиялық тұрғыдан қолайлы сәтінде болып жатыр, өйткені біз IPO-ға шығуды жоспарлап отырмыз», - деді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.
Әуекомпаняның мәліметінше, Астана арқылы ұшатын жолаушылар Алматыға дейін ыңғайлы түйісулерді және әуекомпанияның одан арғы бағыттарын пайдалана алады. Астанадан Үрімшіге, Делиге, Новосибирскке, Омбыға, Түменге, Екатеринбургке ұша алады.
Рейстер Лондонға Боинг-757 ұшағымен орындалады. Әуебилеттер бағасы эконом-класта, барлық алымдармен, тек сервистік алымды қоспағанда 211 682 теңгеден басталады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды