Ирак Күрдістанында белгісіз қарулы адамдар Kurdistan TV телеарнасының операторын өлтірген. Оған Киркук провинциясының Дакук қаласында орналасқан өз үйінде қастандық жасалған. Бұл туралы күрдтік Rudaw телеарнасына сілтеме жасап Риа Новости хабарлады.

Киркук 25 қыркүйекте орталық биліктің келісімінсіз тәуелсіздік референдумын өткізген күрд автономиясы мен Бағдад арасындағы қарсылық алаңына айналған қала. Референдумнан кейін Бағдад соңғы жылдары күрдтер бақылап жүрген осы провинцияға өз әскерлерін қайта әкелу туралы шешім қабылдаған, бірақ әскер Конституция бойынша автономияға кірмеуі керек.

"Кеше түнде бірнеше қарулы адам біздің операторымыз Аркан Шарифидің үйіне басып кіріп, оны өлтірген", - деп хабарлаған Kurdistan TV жетекшісі  Карван Акраи.

Оның сөзінше, операторды отбасының көзінше өлтірген. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шарифи жергілікті телеарнада 13 жыл қызмет атқарған және Дакука ауданындағы бастауыш мектептердің біріне жетекшілік еткен.

“The Qazaq Times”