Ирак Федералдық соты екі күн бұрын бұйрық шығарып, Күрд автономиясының осыдан бұрын өткізілген референдумының барлық нәтижесін күшінен қалдырды. Әрі референдумды заңсыз деген қорытындыны толық бекітті. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Ирак Федералдық соты бұл арқылы осыған дейінгі Күрд аймағының тәуелсіздік туралы референдум нәтижесін ғана емес, алдағы уақыттағы осы автономияның заңсыз референдумдарына шектеу салып отыр.
Ал, 6 қарашада жария еткен шешімінде Бағдат билігі 2005 жылы қабылданған жаңа заң бойынша шешім қабылдап, Бағдат билігіне қарасты барлық провинциялар мен автономиялардың Ирактан бөлініп шығуына жол берілмейтінін жария етті.
Ирактағы Күрд автономиясының үкіметі 14 қарашада таратқан мәліметінде, Ирактың тұтастығын, Ирак Федералдық сотының шешімін құрметтейтіндігін жеткізді. Әрі барлық ауқымды саяси қадамдарда Бағдат билігімен келісім түрінде жүргізетінін, сондай-ақ, Ирак үкіметімен кеңейтілген келіссөз өткізетінін айтқан еді.