Қазақстан 2017 жылдың қаңтар-шілде айында шетелге 694 тонна күміс тасымалдаған. Сатылған металдың жалпы құны 363,7 млн долларға жеткен.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың осы кезеңімен салысырғанда (794,7) биыл экспорт көлемі 12,6 пайызға ал қаражат есебі бойынша 8,6 пайызға қысқарған.
Күмістің ең көп бөлігі Ұлыбританияға жеткізілген. Аталған ел Қазақстаннан 301,9 млн долларға 582,5 тонна күміс сатып алған. Дегенмен 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда бұл елге экспортталған металл көлемі 26,7 пайызға қысқарған.
Ал екінші орында Германия. Бұл елге 53,8 млн долларға 97,4 тонна күміс жөнелтілген. Ал АҚШ 7,8 млн долларға 14,6 тонна күміс сатып алған.
Сондай-ақ, басқа елдерге сатылған алтын көлемі мүлде азайған. Мысалы өткен жылдың жеті айында Қазақстан 14,1 млн долларға 0,6 тонна алтын экспорттаса, биыл 2,9 мың долларға ғана алтын экспортталған.