«Халықаралық ғалымдар тобының пайымдауынша, әлеуметтік жағдайы төмен ер адамдарға қарағанда, нәзік жандыларда жүрек ауруларының пайда болу қаупі жоғары», – деп мәлімдейді Naked-Science. Зерттеу жұмыстары «The Journal of Epidemiology & Community Health» баспасөз беттеріне жарияланды.
Белгілі болғандай, төмен әлеуметтік-экономикалық жағдай жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруына әкеп соғады. Осы уақытқа дейінгі зерттеу жұмыстарының нәтижесі ондай аномалия әйелдерде сирек кездесетіндігін көрсеткен. Сол кездегі статистика бойынша, жүрек аурулары оларда (әйелдерде) ер адамдармен салыстырғанда 5-10 жылға кейін пайда болады. Алайда, бұл зерттеу нәтижесіне ғалымдардың көңілі толмаған.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, Аустралиядағы Динкин университеті мен өзге де зерттеушілер тобы, жоғарыдағы мәселелерге қатысты 116 ғылыми зерттеу жұмыстарына метаанализ жасаған. Авторлар Еуропадағы, Солтүстік Америка мен Азиядағы жүрегі ауыратын 22 миллион адамдарды және бір миллионнан астам жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеген. Кейіннен оны ер адамдар мен әйел адамдардағы патологияның пайда болуына салыстырмалы анализ жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, ғалымдар респонденттердің білім деңгейі, айлық табысы мен қызметіне де талдау жасаған. Нәтижесінде, жалпы әлеуметтік-экономикалық деңгейі (айлық табысы) төмен адамда, барлық жағдайы жақсы қамтамасыз етілген адамдарға қарағанда, инсульт пен инфаркт алу қаупі өте жоғары екендігі анықталды. Оның ішінде, жалақысы төмен ер адамдардан гөрі, жалақысы төмен нәзік жандыларға осындай қауіп төніп тұр.
Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, әлі де гендерлік спецификаны мұқият зерттеу қажет. Соған сәйкес күресу мен емдеу жолдарын анықтауды да көздеп отыр. Себебі, әлемде осы жүрек ауруларынан жыл сайын 8,6 миллион әйелдер қайтыс болады екен.
"The Qazaq Times"