Ресей президенті Владимир Путин жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға төмендету туралы жарлыққа қол қойды. Құжат ресми ақпараттық порталда жарияланған.
Жалақысы төмен болатын шенділер - президент, премьер-министр, вице-премьерлер, министрлер, сондай-ақ бас прокурор, тергеу комитетінің және Орталық сайлау комиссиясының басшылары. Сондай-ақ, жарлық бойынша президент әкімшілігі мен Ресей үкіметі аппараты қызметкерлерінің де жалақысы төмендейді.
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қысқарту туралы құжатқа 2015 жылдың ақпанында қол қойылып, 2015 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген. Кейінірек Владимир Путин бұл жарлықты бірнеше рет ұзартты.
Президент кірісі туралы декларацияға сәйкес, Владимир Путиннің жалақысы 2016 жылы шамамен 8,86 миллион рубльге жеткен. 2016 жылы Кремльдегі лауазымды тұлғалардың арасында Ресей президенті әкімшілігінің бірінші орынбасары Сергей Кириенконың табысы көп болған: декларация бойынша оның жалақысы 85,5 миллион рубльді құрады. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 2016 жылы 8,586 миллион рубль жалақы алса, баспасөз хатшысы және президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Песковтың табысы 12,6 миллион рубль болған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?