Еуропаның оңтүстік-батыс өңірінде орманда болған өрттен Португалияда 31 адам, Испанияда 3 адам қаза тапты. Ондаған өрт өшіруші жұмылдырылса да тілсіз жауды тізгіндей алмай отыр. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлады.
Өрт шарпыған елдердің үкіметтері өрттің себебін анықтауға бар күштерін салуда. Әзірге өрт себебіне талдау жасаған мамандар арнайы өрт қоюшылардың әрекетінен болғанын, ал қатты жел мен температураның өртті өршіте түскенін айтты.
Португалияда өрттен жарақат алғандар саны 50 адамнан асты. Олардың бір бөлімінің жарақаты ауыр. Жоғалғандар арасында балалар да іздестірілуде. Испанияда құрбан өрт ішінде қалған үш адамның мүрдесі жанып кеткен көлік ішінен табылған. Қазір мыңдаған өрт сөндірушілерге жергілікті тұрғындар да көмектесуде. Бірақ, қазірге тілсіз жау толықтай тоқтатылмай тұр.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?