Анталияның Манавгат ауданында төрт бірдей аумақтан өрт шығып, 50-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алды. Оның біреуінің жағдайы ауыр.
Өртті сөндіруге он екі провинциядан 19 тікұшақ, 103 өрт сөндіру машинасы, 6 бульдозер, 1 ұшақ және 412 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Аз уақыт ішінде өрт жайылу қаупі бар 4 ауданның тұрғындары эвакуацияланды.

Анталиядағы орман өрті. Фото: TRT
Шамамен түске таман Манавгатқа жақын орман аймағында шыққан өрт маңындағы елді мекендерге тарады. Өрт салдарынан кейбір үйлерді жалын шарпыған, жануарлар қырылды. Жағдайды бақылау үшін өңірге ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли келді. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған өрттен зардап шеккен аудан тұрғындарына көңіл айтып, министрлікке әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырды.
Әзірге отты толығымен сөндіру оңай болмай тұр. Өйткені жел күшейіп, өртті одан сайын өршітіп жатыр.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?