2017 жылдың басында ТМД елдерінің барлығында дерлік  маусымға байланысты тұтыншыларға арналған негізгі тауарлар мен қызметтерге баға төмендеген. Тек Қазақстанда инфляция шілде айында 0,1% болса, Әзербайжанда 0,2%-ды құраған. Бұл туралы Finprom агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстанда соңғы жылда баға тек жоғарылап жатыр. Елімізде баға соңғы рет 2015 жылдың маусымында (-0,1%) ғана төмендеген.

Ал осы жылдың тамыз айында өткен айға қарағанда қызметтер пен тауарлар бағасының арзандауы Беларусьта тіркелген немесе баға 0,8%-ға төмендеген.

Жалпы ТМД елдерінің көпшілігі импортқа тәуелді. Ұйымға мүше елдердің ішіндегі инфляция процестері валютаның айырбас бағамына байланысты болады. Алайда ТМД елдері арасында Қазақстан мен Тәжікстаннан басқа мемлекеттерде АҚШ доллары әлсіреп, ұлттық валюталарының құны нығайған.

Мысалы АҚШ долларына қатысты ұлттық валютасы ең көп нығайған ел Молдава. Бұл елде доллар 10,6%-ға әлсіреген. Одан кейін ұлттық валюталары айтарлықтай нығайған елдер - Украина, Әзербайжан,  Ресей,  Беларусь. Ал Қазақстан теңгесіне қатысты АҚШ доллары 0,4%-ға нығайса, тәжік ақшасы бойынша 11,8% нығайған.

“The Qazaq Times”