Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауды бақылау үшін ТМД елдерінен 432 байқаушы келді.
Интеграциялық құрылымнан келген топ өңірлерді аралап, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын бақылады. Осы ретте ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев: «Біз бұл жерге сайлау алдында және сайлау барысында қандай да бір кемшіліктерді іздеуге келген жоқпыз. Қайта Қазақстандағы достарымыз бен әріптестерімізге қолдау көрсетейік деп келдік. Десе де, елдің ішкі істеріне араласпау қағидасын ұстанамыз. Ең бастысы, саяси процесс кезінде заңның орындалуын жан-жақтан бақыламақпыз», – дейді.
Шетелдік бақылаушылардан бөлек, сайлау кезінде ақпарат тарататын журналистер де ресми аккредитациядан өтті. ҚР СІМ тарабының хабарлауынша, тұрақты негізде 40-тан астам елден 227 шетелдік корреспондент тіркелген. 2015 жылғы сайлауда бұл сан 168 болған. Шетелдік журналистер Қазақстанның сыртқы саяси ведомстволарының берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлігі болғанда ғана сайлауға бақылау жасай алады.
Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау 9 маусымда өтеді. 8 маусым – тыныштық күні. Биыл ҚР ОСК жеті кандидатты тіркеді. Олардың ішінде «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рахымбеков, Қазақстанның коммунистер партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәді-Бек Түгел, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді