Қазақстанның ұсынысымен ТМД Сыртқы істер министрлері келесі жылы сәуірде Алматыда бас қоспақ. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады.
СІМК отырысы барысында 2019 жылы өткен Сыртқы істер министрлері арасындағы консультациялардың қорытындысы шығарылып, 2020 жылы оларды өткізу жоспары талқыланбақ.
ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев: «Бүгін біз алдағы отырыстың алдын ала жоспарын ғана талқылаймыз. Жиын 2020 жылдың 3 сәуірінде өтетінін жоспарлап отырмыз. Бұл, Қазақстан тарапының ұсынысы, оны барлығы қолдады. Онда талқыланатын маңызды құжаттар негізінен гуманитарлық және саяси өзара әрекеттестік салаларына қатысты болмақ», – дейді.
Ресми өкіл сөзінде: «Сыртқы істер министрлері арасындағы консультациялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, шамамен екі айда бір рет. Күн тәртібінде ТМД-ның халықаралық қызметіндегі өзекті мәселелер көтеріледі және бұл ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысындағы негізгі мәселелердің бірі болатынын болжап отырмын», – деп атап өтті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті