Қазақстанның солтүстік-шығысынан оңтүстікке қосалқы станциялар мен электр энергиясын тасымалдайтын желілерді салу «KEGOC» АҚ купондық облигацияларын орналастыру және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат тарту есебінен жүзеге асады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында KEGOC компаниясының басшысы Бақытжан Қажиев мәлімдеді, деп хабарлады Kapital.kz.
"Оңтүстікте энергетика тапшы болғандықтан, бұл аймақтарға солтүстік-шығыстан электр энергиясын тасымалдау - біздің мемлекет үшін маңызды жоба. Солтүстікте негізгі генераторлар шоғырланған. Алайда шығыстан энергетика тасымалдау Шығыс Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар міндеттерді шешеді. Өйткені бұдан бұрын Шығыс Қазақстан 220 киловольттық әлсіз сымдарға қосылған.... Сондықтан бұл желілерді тарту көпфакторлы мәселелерді шешеді", - деді ол.
KEGOC басшысының сөзінше, электр желілерінің құрылысы екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең бойынша Екібастұз электр станцияларынан Семейге және Өскеменге дейін желі тартылған. Бұл жоба құны 53 млрд теңгені құраған және жеке қаражат арқылы қаржыландырылған. Станция бір жылдан кейін мерзімінен бұрын жүзеге асырылып, 2016 жылдың желтоқсанында жалпы ұлттық көпір бағдарламасына енгізілген. Жоба барысында 742 жұмыс орны ашылған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Үкімет отырысы кезінде 2016 жылы жоғарыда аталған жобаның екінші кезеңі аясында KEGOC компаниясының купондық облигациялары толық орналастарылғаны және зейнетақы қорынан 47 млрд 500 млн теңге тартылғаны туралы айтылған.