Қоғам қаражатты заңдастыру кезінде қанша қаржы офшордан қайтарылғанын және оның қанша сомасы жиналғанын білуі керек. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осыған қатысты мәліметтерді жариялауды талап етті.
"Ақ жол" фракциясының көшбасшысы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Бас Прокуроры Жақып Асановқа осындай депутаттық сауал жолдады.
"Қоғам заңдастыруға қатысты нақты ақпаратты білуі тиіс деп есептейміз. Осыған байланысты бізге офшорлы аймақтан Қазақстан экономикасына қанша ақша қайтарылғаны туралы және құқық қорғау органдарының әрекеті нәтижесінде жиналған қаражат жөнінде ақпарат берулеріңізді сұраймыз. Бұдан бөлек, Қазақстаннан қаражат алып шығуға қанша рет әрекет жасалған?", - деді депутат.
Депутаттың сөзінше, ереже бойынша заңсыз шығарылған қаржы жемқорлық болып есептеледі.
"Мысалы мемлекеттік компания медициналық құрылғыны сатып алуға Маршалл аралдары арқылы төлем жасап, төрт есе көп қаржы жұмсайды. Бұл жөнінде Есеп комитеті мәліметтерінің бірінде келтірілген. Мұндай қаржылар Қазақстан экономикасы үшін жоққа тән. Не жұмыс орындары құрылмайды, не инвестицияланып, өнім шығарылмайды. Шығындар елдің жылдық жалпы ішкі өніміне кері әсер етеді", - деді ол.
Сондай-ақ, ол 2016 жылы Бас Прокуратураның "10 жыл ішінде елден 100 млрд доллар шығарылған" деп мәлімдегенін еске салды.
"Ұлттық банктің мәліметінше, шетке кеткен тікелей инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 113 млрд долларды құрайды, БАҚ мәліметінше оның 58 млрд доллары офшорға кеткен. Бұлардың барлығы ресми аударымдар. Ал көлеңкеде қалған қаржы туралы тек болжап білуге болады", - деді ол.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?