«Ақ жол» партиясының пленумы президент сайлауына үміткер таңдай алмады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарының және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері партия төрағасы Азат Перуашевқа қолдау білдірген. Перуашевтің өзі партияның көшбасшылық базасын кеңейтіп, өзге де үміткерлердің сайлауға түсуіне қолдау білдіру керектігін айтты.
Партия мүшелері үміткерлерді талқылау мәселесін съездің шешіміне қалдырды. Ал партия съезі нақты шешімді 24 сәуірде қабылдайды.
Еске сала кетейік, 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдаған болатын. Үндеуде ол кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымда өтетіндігін мәлімдеді.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?