Өзбекстан мен Қазақстан Респуб
Жылына 50 мың дана газ плитасын құрастыруға қауқарлы жобаның құны – 102 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорында қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылған.
«Artel Manufacturing» ЖШС директоры Рамзитдин Хикматовтың сөзінше, компания жеке қаржысына қондырғыларды сатып алып, орнатып шыққан. Мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Шығарылған өнімді ішкі нарыққа саудалау жоспарланып отыр.
"Біздің зауытта дайындалған газ плиталарының сапасы шетелдік өнімнен еш кем болмайды. Әрі бағасы да қазіргі нарықтағыдан төмен болады»,- деді ол.
Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 16-сы күні Ташкентке ресми іс-сапармен барып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездескен еді. Екі ел басшылары кездесу барысында әскери-техникалық, транспорттық, энергетикалық, су шаруашылығы және қаржы салалары бойынша 10 құжатқа қол қойып, Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасының жаңа қадамдарға аяқ басқанын дәлелдеді. Тіпті осы уақытқа дейін көптеген шетелдік сарапшылар мен батыс мемлекеттерінің "Орталық Азияда Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшы болуға бақталас болып келеді" деген пікірін жоққа шығарды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?