Түркия Ирак Күрдістанымен арадағы шекарасын жауып тастады - деп хабарлайды Haberturk телеарнасы.
Haberturk мәліметінше, ресми Анкара Иракпен арадағы шекарасының Күрдістан автономиясымен шектесетін «Хабур» бекетін жауып тастаған. Түркияның бұндай қадамға баруына бүгін Күрдістанда тәуелсіздік жариялауға байланысты референдумның өтуі себеп. Бұған дейін Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым: «Біз Күрдістанда өтетін референдумның нәтижесі қандай болса да оны заңсыз деп есептейміз. Ресми Анкара өзінің оңтүстік шекарасында қандай да бір жаңа мемлекеттің пайда болуына қарсы» - деген болатын.
Ал Күрдістан автономиясының басшысы Масуд Барзани Түркия, Иран, Ирак билігінің қарсылығына қарамастан қыркүйектің 25 күніне белгіленген референдум уақытында өтетін болады деген. Солтүстік Иракта референдум өтуіне Иранда өзінің қарсылығын білдірген болатын. Ол қазіргі таңда Ирак шекарасы маңында әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуін бастаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?