АҚШ Оңтүстік Корея аумағына ядролық қару орналастыруға дайын – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Бұл жайында АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис қыркүйектің 18-і күні журналистер алдында сөйлеген сөзінде айтты. «Біз Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қарсы жасайтын бірнеше қадамымыз бар. Солардың бірі Оңтүсітк Корея аумағына өзіміздің ядролық қаруымызды орналастыру. Бұл бізді де, одақтастарымызды да Солтүстік Корея арандатуынан қорғайды. Қазіргі таңда Уашингтон мен Сеул арасында осы мәселеге байланысты келіссөздер жүріп жатыр» - деген ол.
Бұған дейін АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли: «Егерде Солтүстік Корея АҚШ-қа немесе оның одақтастарына қауіп төндіретін болса, онда жер бетінен жойылатын болады » - деген болатын. Ал Испания билігі Солтүстік Кореяның қыркүйектің 15-і күні өткізген зымыран сынағынан кейін, КХДР елшісін нон грат адамы деп атап, оған қыркүйектің 30-на дейін елден кетуге уақыт берген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?