Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап, өздерін «Ислам Мемлекеті» деп атаған террорлық ұйымның құрамына кірген Гулмурол Халимовты өлтіргендерін мәлімдеді. Ол бұрын Тәжікстан Ішкі істер министрлігіне қарасты арнайы жасақтың командиры болған. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлап отыр.
Ресей қарулы күштерінің берген мәліметіне сенер болсақ, Халимов Дейр-әз-Зор қаласында болған әскери операция кезінде өлтірілген. Халимов «Ислам мемлекеті» ұйымында «Соғыс министрі» лауазымындағы маңызды басшыларының бірі болған.
Тәжікстан Ішкі істер министрлігіне қарасты полиция арнайы жасағының командирі болып қызмет атқарып жүрген Халимов 2015 жылы сәуір айының соңында ғайып болады. Кейін оның «Ислам мемлекеті» ұйымына қосылып кеткені туралы мәлімет таралды. Соңында оның «Ислам мемлекеті» ұйымының құрамында ғаламтордағы видеолары тараған.
Террорлық топтың құрамына кіруден бұрын Гулмурод Халимов полковник шеніндегі командир болған. Ресей мен АҚШ-та жоғары дайындықтан өткен жауынгер. Оның үстіне сұр-мергендігімен танымал болған. Бұрын Тәжікстан президентінің гвардиясында қызмет атқарған. Ел шығысындағы оппозициялық күштерге қарсы күресте, 2009 жылы «Рашад» орденімен марапатталған. Террорлық топтың құрамындағы ең қауіпті адамдардың бірі болып саналып келген.