Кеше Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамад әл-Тани Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Салманмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл қос мемлекет басшыларының "Катар дағдарысы" басталған 5 маусымнан бері алғаш рет байланысқа шығуы. Бұл туралы "Әл-Жазира" ақпараттық агенттігі жазды.

Катар мен Сауд Арабиясының мемлекеттік басылымдары арқылы жеткен ақпаратқа сәйкес, телефон арқылы болған әңгіме барысында қос тарап та дипломатиялық дағдарысты шешуге ынталы екендерін білдірген.

Әл-Жазира ақпараттық агенттігі "Сауд Арабиясының басшысы әріптесіне телефон арқылы байланысқа шығу туралы ұсынысты бірінші болып Катар жасағанын Доханың мемлекеттік басылымы Qatar News Agency's (QNA) басқаша жеткізіп отырғаны дұрыс еместігін ескертті", - дейді. Qatar News Agency's (QNA) "Қос тараптың мәселені телефон арқылы талқылауына АҚШ Президенті Дональд Трамп себепкер болды" деп жазған болатын.

Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Салман Парсы шығанағы елдерінің тұрақтылығы үшін, арадағы келіспеушіліктің күрмеуін шешу керектігін, ол үшін қос тараптан 2 елші тағайындау қажеттілігін айтты. Катар әмірі де аталған ұсыныстарды қабылдап, елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейтін келіссөздерді қабылдауға дайын екенін жеткізді.

“The Qazaq Times”