БҰҰ зерттеу тобы Бурунди мемлекетінің билігін халыққа көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыптап, Халықаралық Қылмыстық Соттан осы іске қатысты процес бастауды сұрады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды. 

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі консулының үш қызметкері Бурундиға кіруге биліктің рұқсатын ала алмағандықтан, осы елден қашқан халықты сұрап, тексеру арқылы Африка мемлекетінде адамзатқа қарсы қылмыс болғанын және ол әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.

Бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері мемлекеттік саясат есебінде жүргізілетінін жеткізген БҰҰ өкілдері 500-ге жуық құрбанмен тілдескендерін айтады. БҰҰ-ның келтірген деректеріне сәйкес, әртүрлі қақтығыстар кесірінен шамамен 500 немесе 2 мың адам қаза тауып, 400 мың тұрғын елден кеткен.

Бурундидің Президенті өзінің твиттер парақшасында баяндама жасаған зерттеушілерге Еуроодақ пен Батыс мемлекеттері ақша төлеген деп айыптап, жалған ақпаратты пайдаланып, олар АФриканы құлдыққа түсірмек деген пікір білдірді.

“The Qazaq Times”