Ұлыбритания мен Германияның кәсіпкерлері "Brexit" келісімдерінен ортақ экономикалық мүдделердің ескерілуін күтеді, Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
Ұлыбритания мен Германияның сауда палаталары екіжақты кәсіпкерлік байланыстарды жалғастыру үшін "Brexit" келісімдеріне салықтық және кедендік ережелер, жұмыскерлердің құқықтары сияқты бөлімдер енгізілуі керек деп санайды. Сондай-ақ, қос елдің кәсіпкерлері Ұлыбритания еуроодақтан шыққаннан кейінгі 3 жыл "өтпелі кезең" болып бекітілгенін қалайды. Олардың айтуынша, "Brexit" келісімдерінің үшінші кезеңі басталғанына қарамастан, әлі де назарға алынбаған мәселелер өте көп. Олардың уақытылы шешілмеуі екіжақты сауда байланыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ұлбыритания Германия үшін экспорт бойынша үшінші, ал Германия Ұлыбритания үшін екінші ең үлкен нарық болып саналады. Неміс фирмаларында Ұлыбританияның 400 мың азаматы жұмыс істесе, Ұлыбританиядағы кәсіпорындарда еңбек ететін неміс азаматтардың саны - 220 мың.
Екі тараптың да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өзара сауда айналымын арттыруға қазағушылықтары болғанымен, "Brexit" жобасына байланысты туындаған кедергілер жойылмаса, қос мемлекетке де жаңа нарықтар іздеуге тура келеді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?