Қазақстан 2018 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде төрағалығы кезінде әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыбында дебат ұймдастыратын болады, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов.
Қайрат Абдрахманов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында: «Біз төрағалық мерзім аралығында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде мемлекет басшысының қатысуымен әлемдегі бейбітшілік және қауіпсіздік тақырыбында дебат өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек біз министрліктер деңгейінде Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша, елшілер деңгейінде Таяу Шығыс жайында дебаттар өткізбекпіз» - деген.
Қайрат Абдрахмановтың айтуынша, қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті отырысында болатын саяси пікірталастарды бақылау арқылы Қазақстан төрағалық бағдарламасын жасап шығатын болады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды