Kaspi Bank Талғар қаласындағы бөлімшеге қарақшылық шабуыл жасауға қатысы бар тонаушыларды ұстауға мүмкіндік беретін маңызды ақпаратты ұсынғандарға 5 миллион теңге сыйақы береді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тонаушылар туралы ақпаратты банктің Қауіпсіздік қызметіне ( +7 747 388 29 34) немесе +7 (727) 258 59 55 (2945) +7(701) 531 8347 байланыс нөміріне хабарлауға және pr@kaspibank.kz поштасына хабарлама жіберуге болады.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, кейбір БАҚ Талғар бөлімшесін тонау кезінде Kaspi Bank-тің шығыны туралы ақпаратты асығыс таратқан.
"Бұл ақпараттың шындыққа сай еместігін, анықталған ақпарат бойынша шығын көлемі 40 млн теңге шамасында екенін хабарлаймыз. Шығын толықтай банктің өз есебінен жабылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 22 тамыз күні Kaspi Bank-тің Талғар қаласындағы бөлімшесіне белгісіз біреулер басып кірген. Олар бөлімшеге шатыр арқылы енген. Ешкім зардап шекпеген.