Kaspi Bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе банктің жыл сайын өтетін таныстырылымында Kaspi Maps, онлайн аударымдар мен Kaspi.kz-тің мобильді қосымшасын таныстырды. Енді осы қосымшалар арқылы бір картадан екінші картаға онлайн аударым жасап, Kaspi Maps арқылы банктің өзіңізге жақын тұрған бөлімшелерін көре аласыз.
"Біздің клиенттер бізден аударымдар мен мобильді қосымшаны жасауды өтінген. Біз бұдан бөлек тағы бір ерекше қызметті іске қосып отырмыз. Яғни KaspiMaps және бұл үш қызметті 22 маусым күні бір уақытта іске қосамыз. Қызметтер біздің клиенттер үшін өте тиімді болады деп ойлаймын", - деді Михаил Ломтадзе.
Сондай-ақ, банк басшысы таныстырылым кезінде үлкен экран алдында қызметтің қалай жылдам жұмыс істейтінін көрсетті.
"Біз сіздің қалаңыздағы дүкендер, бөлімшелер, банкоматтар және терминалдарды көрстететін Kaspi Maps қызметін жасап шығардық. Ал банкоматтарға келер болсақ, біз барлық банктердің банкоматтары қайда орналасқанын көрсете аламыз. Бұл дегеніңіз KaspiGold картасы арқылы кез келген банкоматтан комиссиясыз ақша шешіп алу кезінде өте тиімді", - деді ол жаңа қызметті таныстыра отырып.
Сондай-ақ, Kaspi Maps қосымшасынан тек жақын маңдағы бөлімшелерді ғана емес, онда кезек күту уақыты қанша екенін, бөлімшелердің қай уақытқа дейін жұмыс істейтінін білуге болады.
Бұдан бөлек енді KaspiGold картасы арқылы кез келген банк картасына онлайн аударым жасауға болады. Мысалы KaspiGold каратсынан екінші бір KaspiGold-қа қаржы аудару тегін, ал басқа банк карталарына аударым бар болғаны 0,95%-ды құрайды.
Михаил Ломтадзе таныстырған үшінші қызмет - Kaspi.kz мобильді қосымшасы. Ерекше дизайнда жасалған қосымша клиенттер үшін өте тиімді және қауіпсіз. Сондай-ақ мобильді қосымша арқылы Kaspi Red клубындағы сауда жасауға арналған лимит көлемін 150 мың теңгеге дейін арттыруға болады.
Сондай-ақ, банк басшысы атап өткендей, жеке атыңызға жасалатын Kaspi Gold картасын енді 10 күн күтудің қажеті жоқ. Бар болғаны 15 минутта картаны қолыңызға алып, қажетіңізге пайдалана беруге болады.
Таныстырылым соңында Михаил Ломтадзе клиенттер үшін тағы бір тиімді ұсыныс жасады. Себебі Kaspi.kz мобильді қосымшасын осы жылдың 1 тамызына дейін жүктеп алғандарға төлем кезінде 5% бонус беріледі.