Алматыда магистральды көшелердегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған 151 шақырым жолдың барлығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, Шевченко және Конаев көшелерінде көлік қозғалысы ашылды, бұлардағы рельстер алынып тасталды, арық лотоктары төселуде, тротуарлар, Орбита ышқам ауданынан Көкбазарға дейінгі велодәліздің бір бөлігі болып табылатын веложолдар абаттандырылуда.
Күрделі жөндеу жұмыстары жүрген Байтұрсынов көшесі бойымен Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жолдар аумағы да жөнделіп, мұнда да көлік қозғалысы ашылған. Жандосов көшесінің ұзындығы 2,8 шақырым болатын учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталып қалды. Қазіргі кезде мұнда қозғалыс бөлігі , тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда.
Асқаров көшесінен Әл-Фараби даңғылының батыс бөлігіндегі ұзындығы 3,5 шақырым болатын су жүйелерін қайта жасалуда.
Сонымен қатар, қалада Фурманов, Абай, Хмельницкий көшелерін үңгілеу және бірнеше жолайрықтарын салу жұмыстары одан әрі жалғасады. Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, оның солтүстік бөлігіндегі көлік қозғалысы 1 қыркүйекте, ал оңтүстігіндегі көлік қозғалысы 1 қазанда ашылатын болады.
Айта кетейік, соңғы кезде Алматы қаласындағы жөл жөндеу жұмыстарына байланысты қала әкіміне айтылар сын көбейген. Тұрғындардың сөзінше, қалада жаңа бордюрлер қайта ауыстырылған және кейбір тар көшелер одан сайын тарыла түскен. Бұдан қыркүйек айында студенттер мен оқушылар көбейген шақта кептеліс тіпті арта түсуі мүмкін.