АҚШ-тың «Уашингтон Пост» сайтында 6 тамызда редакция атынан жарияланған Трамп үкіметі мен Үндістан ара-қатынасы туралы мақалада былай делінген еді: «Үндістан үкіметі Трамппен достық қарым-қатынаста болғысы келеді. Бірақ, Трамп берекелі істі былықтырып жіберді. Қазір Трамп Үндістанмен сенімді серіктестік орнатамын деп жариялағанымен, Үндістан тарабы АҚШ-қа деген сенімділігін жоғалтып алды». Шекаралық даудан тартып, Оңтүстік Азиядағы ықпалдастық мүддесінде қарсылас болып отырған Қытай Үндістанның әр басқан қадамын аңдуда. Соған сай, АҚШ пен Үнді арасындағы қарым-қатынасы қытайлық ақпарат құралдардың әр күнгі талқы тақырыбынан түскен емес.
Үндістан Қытайдың Оңтүстік Азияда ықпалының артып кетуіне барынша алаңдайды. Сондықтан оған қарсы стратегияда АҚШ-ты пайдаланатыны анық. Үндістан басшысы Нарендра Моди тікелей альянсқа бармай, Үндістан үкіметінің бұрынғы тәжірибесіне сүйене отырып, біртіндеп Уашингтонмен қарым-қатынасты қысқартуға тырысады. Бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын жүргізу және америкалық әскери техниканы сатып алу қатарлы қадамдарға барады.
Дегенмен Моди үкіметі Трамптың серіктестікке тартқан санаулы үкіметтерінің бірі болды. Бірақ, басынан бастап үндістандықтар мен Уашингтон билігі арасында белгілі бір хаостар пайда болып келді. Бұл қайшылықтар Ақ үйдің де күткені емес еді. Үндістанмен болған қарым-қатынасқа Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың нашарлай түсуі де себеп болды.
Үндістанның үлкен қызығушылық танытып отырған Ауғанстан мәселесі де АҚШ пен Үнді арасындағы байланыстардың бір парасы. Бастапқыда Трамп үкіметі танымал жаңа саясатты қабылдау туралы шешім шығарды. Яғни, АҚШ күштері арқылы Пәкістанның «Талибанға» қолдау көрсетуін болдырмау деген бағытта. Алайда, кейін Трамп бұл жоспардан бас тартқанын жария етіп, бұл аумақтағы соғыстан ауылын аулақ салуға тырысты. Осының бәрі Үндістанның АҚШ-қа деген сенімін біртіндеп әлсіретті.
Жақында Үндістан мен АҚШ қарым-қатынасы туралы арнаулы отырыс өтті. Кездесу кезінде Үндістан үкіметінің өкілі Трамп үкіметінің өкілінен Ақ үйдің бейберекетсіз жағдайда геосаяси мәселелерге назар аударатын аудармайтынын түсіндіруін талап еткен еді. Мұның өзі үкіметтер арасындағы сенімділіктің қаншалықты деңгейде екенін көрсетіп тұр. Үндістанның АҚШ-тағы бас елшісі Аллен бұл туралы: «Қазіргі кезде Уашингтонның берген сигналдары күрделі әрі құбылмалы», – деп бағалады.
Көптеген үндістандық лауазымдылар екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа әлі де оптимистік көзқараста қарайды. Бұрынғы АҚШ-тың ресми өкілінің бірі Үндістанның осы болашақ стратегиялық серіктеске деген үмітінің азайғанын ашық айтты. Уашингтонның құбылмалы саясаты алдында Үндістан бұл елді өзіне болашақ сенімді серіктес деп тани алмай отыр. Алайда, Оңтүстік Азиядан Қытай ықпалын ығыстыру үшін болса да АҚШ-пен болған әскери серіктестікті сақтап тұруға тырысатыны анық. Қытай осы орайда АҚШ пен Үндістан арасынан қалай да ілік тауып, ақпараттық соғыс бастап кетті. Осылайша, Оңтүстік Азия қайшылығы жаңадан қалыптасып, өзіне ірі державаларды тартып жатыр.