Кабул Американың Ауғанстандағы жаңа стратегиясын қолдайды. Бұл туралы Ауғаныстанның АҚШ-тағы елшісі Хамдулла Мохиб Әл-Жазира (Al-Jazeera) ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.
"Біз бұл шешімді толықтай қолдаймыз. Бірнеше айға созылған талқылаулардың нәтижесінде Ауғанстанның қазіргі қажеттіліктері мен ескерілген стратегияға қол жеткіздік. АҚШ-тың бұл соғысты жеңіске жетпейінше аяқтамау қағидасы Ауғанстандағы жылдар бойы жалғасқан тұрақсыздықтың соңғы нүктесін қоюға жасалған жақсы мүмкіндік", - деді Ауғаныстанның АҚШ-тағы елшісі.
Хамдулла Мохиб АҚШ-ты Пәкістанға қойған терроризмді қолдауды тоқтату туралы талабы да өте орынды деп санайды. "Қаншама жылдар бойы Пәкістаннан тасымалданған қару-жарақ Ауғанстан мен оның серіктестеріне қарсы жұмсалып келді. Ендігі кезекте бұл оқиғаға көз жұмып, кешіруге болмайды".
Дипломат сондай-ақ АҚШ-тың Ауғанстан билігіне қолдау көрсетуді жалғастыру жөніндегі шешімін өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға деген ұмтылыс деп қабылдайды. "Дональд Трамптың бұл қадамы әскери емес, экономикалық қиындықтар мен ішкі тұрақсыздыққа тоқтау салатын саяси шешім", - деді Хамдулла Мохиб.