АҚШ Президенті Дональд Трамп Американың Ауғанстандағы саясатына қатысты шешімін жариялады. Оның пікірінше, АҚШ әскерінің 16 жылдан кейін Ауғанстан жерінен кетуі қазіргі шиеленісіп отырған жағдайды одан әрі қиындатуы мүмкін. Сондықтан Америка Ауғанстанда қалып, соғысты әрі қарай жеңіске дейін жалғастырады. 

"Америкалықтар ұзақ соғыстағы жеңілістен шаршады", - деп мәлімдеді Дональд Трамп. Соған қарағанда, Ақ үйдің жаңа басшысы өзіне дейінгі билік аяқтай алмаған соғыстың соңғы нүктесін жеңімпаз есебінде қойып, тарихта қалғысы келетін сияқты.

Осыған дейін Пентагонның Ауғаныстанға тағы да 4 мыңға жуық америкалық әскерилерді жіберу туралы ұсынысын құптайтынын не кері қайтаратынын айтпады.  "Біз алдағы жоспарларымыз бен әскер санын жарияламаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Al-Jazeera ақпараттық агенттігінің АҚШ-тағы тілшісі Патти Кулхане "Америкалықтар Ауғаныстанда өмірін қауіп-қатерге тігіп жүрген жерлестерінің нақты санын білуге құқылы", - деген пікір білдірді.

Al-Jazeera ақпараттық агенттігінің ұсынған деректері бойынша, қазір Ауғаныстанда 8 мың 400 америкалық әскери бар. 2010-2011 жылдары Барак Обаманы тұсында олардың саны 100 мыңнан асып жығылған.

“The Qazaq Times”