Гонконгта 20 мыңнан астам адам көшеге шығып, демократтар өкілдерінің қамалғанына қарсылық шарасын өткізді. Осыдан бұрын Хуаң Жыфың, Ло Гуансоң, Жоу Инкаң қатарлы демократ өкілдерін заңсыз ереуілдерді ұйымдастырғаны үшін, 6 айдан 8 ай аралығында бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған болатын. Бұл туралы «The New York Times» басылымының ресми сайты жазды.
Бұл наразылық шарасы Бейжің билігіне қаратылып өткізілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ереуіл 2014 жылы өткізілген «қолшатыр қозғалысынан» кейінгі ең үлкен демонстрациясы болып табылады. Олар керме туларға демократия сөзін көтеріп, демократ өкілдерін қамауға қарсы екендерін білдірді.
Аталған үш демократты жақтаушылар 20 мен 27 жас аралығында. Гонконг халық қозғалыс ұйымдарында беделді жастар болып саналады. Гонконгтің Қытайға қайтарылғанына 20 жыл толған мерей той кезінде де Халық қозғалысы ұйымдарындағы көшбасшыларды тұтқындаған.
2014 жылы «қолшатыр қозғалысы» деп аталатын қарсылық акциясында ереуілшілер қаланың қаржы орталықтарын 79 күн бойы қоршап алған еді. Ал бұл жолы 22 мың адам жексенбі күні өткізілген наразылық шарасына қатысқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды