Бүгін, 8 шілде бейсенбіде Еуропа Парламенті Хоң Коң (Гонконг) шенеуніктеріне санкция беру және Шыңжаңдағы адам құқығының бұзылуына байланысты Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялау мәселесін қарастырылмақ. Еуропа Парламентіндегі негізгі саяси партиялар аталмыш ұсыныс жобасын бір күн бұрын дайындап үлгірген.

South China Morning Post басылымының хабарына қарағанда Еуропарламентінің негізгі партиялары Хоң Коңдағы тәуелсіз ақпарат құралдарының жабылуын қатаң айыптап отыр. Әсіресе, Бейжің билігінің «Apple Daily» демократиялық медиасын бұғаттап тастауы санкцияның басты себебіне айналған.

Хоң Коң шенеуніктеріне санкция салу және Бейжің Қысқы Олипиада ойындарына бойкот жариялау бойынша Еуропарламентте бүгін дауыс беріледі.  South China Morning Post басылымы болса бұл жоба басым көп дауыстың қолдауымен өтуіне шүбә келтірмейді.

Санкция тізімінде Хоң Коң үкіметінің ең жоғары шенеуніктері енгенін де айта кету керек. Сондай-ақ, Қытай Мемлекеттік кеңесі Хоң Коң және Макау (Макао) істері жөніндегі кеңесінің директоры Шяу Баулоң, бұрынғы басшысы Жаң Шяумиң да бар.

Дегенмен, ЕО-ның саяси іс-қимылдарын белгілейтін Еуропалық Комиссия болса бұл жобалар бойынша әлі нақты шешімін білдірген жоқ.

Осымен бір уақытта Британияның да негізгі оппозициялық партиясы (Еңбек партиясы) Бейжің тарабы БҰҰның Шыңжаңдағы адам құқығының бұзылуына бойланысты тергеуін қабыл алмаса, Британ үкіметі мен корольдік отбасын 2022 жылғы Бейжің Қысқы Олипиадасына бойкод жариялауға шақырды.

Бұған дейін Британ билігі Шыңжаң мәселесін халықаралық тәуелсіз тергеу тобына беруді ұсынып келген. Бірақ, Бейжің Қысқы Олимпиадасына бойкот жариялау туралы ешқандай шешім қалылдаған емес. Өткен айда АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен Британия сапары барысында одақтасының Бейжің Қысқы Олипиада ойындарына бойкот жариялау бойынша консунсқа қол жеткізуге тырысатынын айтқан. Ал, сол кезде Бейжің тарабы спортты саясиландырып жатыр деп АҚШ-ты айыптаған болатын.

“The Qazaq Times”