Ауғаныстанда Тәуелсіздік мерекесі кезінде қауіпсіздік күшейтілді. Бұл туралы Кабулдағы полиция қызметінің баспасөз хатшысы Абдул Басир Мухжахид APF ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты кезінде хабарлады.
Ауғаныстан соғыс жағдайында болуына байланысты бірнеше жылдан бері Тәуелсіздік күніне орай көлемді шаралар мен жалпыхалықтық тойлау ұйымдастырылмайды. Дегенмен Ауғаныстан Президенті өзінің жұмыс кабинетінде бірқатар ресми тұлғаларды қабылдайды және бүгін кешке Саид есімді ауғандық әнші жеке ән кешін береді.
Ел астанасы Кабулда полиция қызметі әдеттегіден ерекше күшейтіліп отыр. Бұл соңғы кездері Ауғаныстанда жиілеген жарылыстармен байланысты. Талибандықтардың күш ала бастауы, Ауғаныстан әскерінің АҚШ-тың тоқтаусыз қолдауына қарамастан, террористерді әлі күнге жеңе алмағандығы жергілікті халықтың төзімін тауысып, сенімін әлсірете бастады.
Ауғаныстандағы бірнеше жылдан бері тоқтаусыз жүріп келе жатқан соғыстар жергілікті халықты Тәуелсіздік мерекесін тойлауға деген құлшынысынан айырған. Ауғаныстандық бір азамат өзінің Facebook парпақшасында: "Біз терроризммен соғысып жатырмыз және жеңістің жақындағаны байқалмайды. Мұндай жағдайда қалай Тәуелсіздік күнін тойлауға болады?", - деп жазды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?