«Барселона» футбол клубының ойыншысы Леонель Месси кеше тамыздың 17-сі күні Барселона қаласында болған лаңкестік шабуылдың құрбандарына көңіл айтты.
Месси өзінің Instagram парақшасына: «Мен біздің сүйікті Барселонамызда болған лаңкестік шабуыл құрбандарының жақындарына қайғыра көңіл айтамын және зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен бас тартуға шақырамын. Біз жауыздыққа жол бермеуіміз қажет. Себебі біз олардан көппіз» - деген.
Естеріңізге салайық, кеше тамыздың 17 күні Барселона қаласының орталығында болған террорлық шабуылдан 100-ден аса адам жарақат алып, 13 адам көз жұмған болатын.