Испания полициясы Барселона қаласына жасалмақ болған тағы бір террорлық шабуылдың алдын алды, деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.

Испания полициясы арнайы операция барысында Барселонаның оңтүстік-батысында орналасқан Камбрильс қалашығында лаңкестік шабуыл жасамақ болған төрт террористің көзін жойып, біреуін жаралаған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, лаңкестік шабуыл жасамақ болған азаматттар бұның алдында тамыздың 17-сінен 18-не қараған түні Камбрильсте автокөлікпен бірнеше адамды қағып жарақаттаған. Еl Pais басылымының хабарлауынша, Камбрильс полициясы лаңкестер мінген автокөлікке жарылғыш зат орнатылуы мүмкін деген күдікпен тінту жұмыстарын жүргізбеген.

Естеріңізге салайық, Камбрильс оқиғасынан 5-6 сағат бұрын Барселона қаласында белгісіз азаматтар автокөлікпен жолдың жаяу жүргіншілер жолағына шығып, 500 метр бойы алдынан шыққан адамдарды таптап өткен. Салдарынан 100-ден аса адам жарақат алып, 13 адам көз жұмған еді. Кейіннен Барселона полициясы бұл оқиғаны террорлық шабуыл деп мәлімдеген.

“The Qazaq Times”