АҚШ Қытаймен «экономикалық соғыс» жағдайында тұр – деп мәлімдеді ел президенті Дональд Трамптың стратегиялық сұрақтар бойынша кеңесшісі Стивен Бэннон.

Стивен Бэннон журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Біз қазіргі таңда Қытаймен «экономикалық соғыс» жағдайында тұрмыз. 25-30 жылдан кейін екі елдің біреуі гегемонға айналады. Осы жолда біз бір орынымызда тұралап қалатын болсақ, онда ол рөлде олар болады. Егер біз алдағы уақытта да жеңіле беретін болсақ, 5-10 жылдан кейін ол жеңілістің орынын толтыру мүмкін емес болады» - деген.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп  сауда өкілі Роберт Лайтхайзерге Қытайдың сауда-экономикалық ісіне тергеу жүргізу туралы тапсырма беріп, бірнеше жарлықтарға қол қойған хабарланған болатын. Ол енді осылайша ҚЫтайдан келетін тауарларға тексеріс жүргізбек.

“The Qazaq Times”