АҚШ Президенті Дональд Трамп сауда өкілі Роберт Лайтхайзерге Қытайдың сауда-экономикалық ісіне тергеу жүргізу туралы тапсырма беріп, бірнеше жарлықтарға қол қойды. 

Енді Президенттің мұндай шешіміне байланысты қоғамда  "Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға залал келуі мүмкін" деген алаңдаушылық туындаған.

Сондай-ақ, Дональд Трамп саудадағы әділдік пен тепе-теңдік принциптеріне кепілдік болуы үшін АҚШ-тың сауда өкіліне барлық жағдайларды ескеру керектігін айтқан.

Оның сөзінше, Ақүй америкалық компаниялардың интеллектуалды меншігін қорғау үшін нақты қадамдар жасайды және бұл тергеу америкалық жұмысшылар үшін де маңызды.

"Уашингтон енді көз жұмып отыра алмайды", - деді ол.

Бұдан бұрын сарапшылар сауда өкілі Роберт Лайтхайзер Қытайға қарсы тергеу жұмыстарын Сауда туралы заңның 301 бөлімі бойынша 1974 жылдан бастайтынын айтқан. Ал 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылғаннан кейін бұл заң актісі сирек қолданылған. Енді бұл АҚШ Президентіне сауда әріптестеріне қарсы біржақты санкциялар бастауына мүмкіндік бермек.

Дональд Трамптың бұл әрекеті тексеру жұмыстарының баяу болатынын және Қытайға қарсы санкцияның болмай қалатынын білдірмейді. Ал АҚШ әкімшілігінің өкілі болса "алдағы уақытта америкалық тарап тергеу жұмыстарын бастайтын болса, алдымен Қытаймен консультация өткізіледі" дегенді айтады.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чүн Иың (Hua Chun Ying) болса қытай-америкалық сауда саясаты уақыт өткен сайын нығайғанын және егер "сауда соғысы" басталса екі елдің де жеңілетінін айтады.

Оның сөзінше, Қытай тарапы "АҚШ мемлекеттің жеке инновация негізінде экономиканы дамытып отырғанына мән беріп, Қытайдың интелектуалық құқықты қорғау ісіндегі жетістіктерін бағалайды" деп үміттенеді.

MarketWatch баслымының мәліметінше, америкалықтар жыл сайын 460 млрд долларға Қытайдың арзан ойыншықтарын, киімдерін, электронды техникаларын сатып алады екен. Ал бұл жағдай тергеу жұмыстары бірнеше жылға созылған күннің өзінде алдағы уақытта өзгере қоймайды.

“The Qazaq Times”