АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 2016 жыл үшін дін еркіндігі бойынша баяндама жасады. Аталған құжатта Американың жақын одақтасы Сауд Арабиясы мен Бахрейнде дін еркіндігі шектеліп, азшылық топтарға қарсы геноцид жасалған делінген. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі жазды.
Рекс Тиллерсон Сауд Арабиясындағы терроризмге қарсы күрес туралы заң шиит мұсылмандарына дискриминация жасауға және атеистер мен мемлекеттің діни ұстанымдарына қарсы келген азаматтарды жазалауға қолданылғанын жеткізді.
Мемлекеттік хатшы Парсы шығанағындағы шиит мұсылмандарының құқықтарын шектеп отырған тағы бір мемлекет ретінде Бахрейнді атады. Дін еркіндігіне қауіп төніп отырған елдердің санатына Пәкістан да кірді.
Түркияның жағдайына ерекше тоқталған Рекс Тиллерсон, террористік ұйыммен байланысы бар деген айыппен көп адамның жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Қытайдағы тибет буддистері мен жергілікті мұсылмандарды діни сенімдері үшін абақтыға жауып, құлшылық орындарын салуға рұқсат етпей отырғанына наразылық білдірген мемлекеттік хатшы АҚШ Президенті Дональд Трамптың босқындарды қабылдамау, елден шығару туралы шешімі мен Араб мемлекеттері азаматтарының мемлекетке кіргізбеу туралы бастамалары жөнінде жақ ашпады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?