Билл Гейтс 4,6 млрд АҚШ долларын қайырымдылыққа беріп, 2000 жылдан бері ең үлкен сомадағы қаржыны қайтарымсыз көмекке арнап отыр. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
Ол Microsoft компаниясының құны 64 млн АҚШ доллары болатын акцияларын қайырымдылық мақсатында жұмсағанына қарамастан, әлемнің ең бай азаматы аталымында қалып отыр. Өйткені бұл қаржы оның иелігіндегі жалпы байлықтың тек 5 пайызы ғана.
1994 жылдан бері Билл Гейтс өзінің жары Милинда Гейтспен бірге әлемдегі кедейлікті жоюға, қауіпті індет ошақтарына медициналық көмек жіберуге және әлеуметтік аз қамтылған аудан тұрғындарының компьютерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге 35 млрд АҚШ долларын жұмсаған.
Олардың бастамасымен құрылған «Билл және Милинда Гейтст қорына» ақша аударатын бай-қуатты адамдар көп. Айталық, белгілі филантроп Уорен Баффет аталмыш қорға 3,2 млрд $, Dell компьютер корпорациясының басшысы Майкл Делл мен оның әйелі Сюзан 1 млрд $ қаржы құйған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?