Африкаға қайырымдылық миссиямен әдетте жастар, студенттер өз-өздерін сынау үшін айналысады. Бірақ қызымен бірге күні кеше Кенияға 3 апталық миссиямен кеткен 93 жастағы итальялық әже туралы әңгіме мүлдем бөлек.
Италияның солтүстік-шығысындағы Новента Висентинада туған (Noventa Vicentina) Ирма Кениядағы уақытын балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге көмектесіп өткізеді.
Әуежайда жасалған Ирманың мына бір суреті фейсбук әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр. Суретті жариялаған Ирманың немересі Элиза Колтро (Elisa Coltro): «Менің әжем өмірін отбасына, өзін қоршаған адамдарына арнаған. Қандай қиындық болмасын әрқашан шын жүректен көмектесіп жүреді. Енді бүгін ол Кенияға жол тартты. Туристерге арналған аймаққа емес, ауылдағы балалар үйіне барады. Өмір сүріп жатқан кейіп таныту мен шынымен өмір сүрудің айырмашылығы да осы шығар. Қараңыздаршы, оны ешкім де тоқтата алмайды. Мен оны қатты жақсы көремін», - деп жазды.
Элиза да әжесінен үлгі алып, соңғы 2 жыл бойы Грекиядағы сүриялық босқындарға көмектесіп жүр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы