АҚШ президенті Трамп TikTok қосымшасын қолдануға тыйым салынуы мүмкін және басқа да шектеу шаралары қолданылады деген. Америкалық БАҚ Трамп әкімшілігі жақын арада TikTok компаниясына американлық бизнесін сатуды бұйыруы мүмкін деп хабарлады.
31 шілде Трамп Ақ үйден Флоридаға кетер алдында журналистерге Бейжің ByteDance Ltd компаниясы иелік ететін TikTok видео қосымшасының бағдарламалық жүйесіндегі айырмашылықтарды қарастырып жатқандығын айтты. Сонмен қатар TikTok-ты қолдануға тыйым салу да қарастырылуда.
Трамп: «Біз TikTok туралы мәселені қарастырып жатырмыз. TikTok-қа тыйым салуымыз мүмкін және басқа да шаралар қолданумыз мүмкін» – деді. Ол сөзін жалғастырып: «Қазіргі уақытта бірнеше нұсқа бар. Бірақ көптеген оқиғалар орын алуда, сондықтан не болатынын көреміз» –деді.
Мәселемен таныс адам Трамп жұма күні Бейжіңде орналасқан ByteDance-қа TikTok-тың акцияларын АҚШ-қа сату туралы шешім шығаратынын айтты. Осыған сәйкес Bloomberg агенттігі Трамп әкімшілігі Бейжің ByteDance компаниясына TikTok-тың АҚШ-тағы меншігін сатуды бұйыруы мүмкін деп мәлімдеді.
New York Times және The Washington Post басылымдары Microsoft корпорациясы Америка Құрама Штаттарындағы TikTok-ты сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы