Өзбекстанның Орталық банкі 22 тамыздан бастап номиналы 50 000 сум болатын купюраны айналымға енгізеді. Бұл туралы Орталық банктің сайтында хабарланған.
Банкнотаның сол жағында орналасқан ақ бетінде ені 4 мм-ді құрайтын терезеге ұқсас қорғаныш сызығы және «3D» эфефектісі орналасқан.
Банкнотаның бет жағының ортасында Тәуелсіздік алаңында орналасқан «Эзгулик» қақпасында ұшып жүрген ләйлектер бейнеленген.
Ал төменгі бөлігінде 50 000 номиналы бейнеленген және ол банкнотаны қарауға байланысты сарғыш түстен жасыл түске ауысады. Банкнотаның дәл ортасында «Анжуманлар саройи» (Форум сарайы) орналасқан.
Айта кетейік, Өзбекстан осы жылдың наурыз айында номиналы 10 000 сум банкнотаны айналымға шығарған.
Еске салайық, Қазақстанда 2016 жылдың 1 желтоқсанында ең жоғарғы номинал 20 000 теңге айналымға шыққан болатын. Ал бұл дегеніміз елдегі қаржы нарығындағы ахуалдың нашар екенін, басқа елдердің валюта нарығына тәуелді екенін көрсетеді.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды