Өзбекстанның Орталық банкі 1 долларға қатысты ұлттық валютаның ресми курсын 8100 сум деңгейінде белгіледі. Бұл туралы қаржы институтының ақпаратына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлады.
Енді осы курс бүгіннен бастап белгілене бастайды. 4 қыркүйек күні ресми доллар курсы 4200 сум болған. Осылайша өзбек валютасы бір күнде екі есеге құнсызданды.
Реттеушінің мәліметінше, мұндай шешім ел Президенті Шавкат Мирзиеевтің валюта саясатын либерализациялауға қатысты бұйрығы бойынша қабылданған.
"Валюта нарығын одан әрі либерализациялау аясындағы мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі - нарықтық механизмдерді қолдану", - деп түсіндіреді елдің Орталық банкі.
Айта кетейік, Өзбекстанның Орталық банкі 22 тамыздан бастап номиналы 50 000 сум болатын купюраны айналымға енгізген еді. Бұл елдегі ең үлкен номинал.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі