«Алтын белгі» иегерлері грантсыз қалмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Стратегия - 2050 сайты.
Министрлік өкілінің сөзінше, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, «Алтын белгі» иегерлеріне білім гранттары тиесілі болғандықтан, республикалық комиссия бұл санаттағы талапкерлерді гранттармен университеттердің, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі қаражаттары есебінен қамтамасыз ету жөніндегі шешімге келген. Нәтижесінде гранттар тізімі 3,5% немесе 1487 грантқа ұлғайып отыр.
Сондай-ақ, ол министрлік алдағы аптадан бастап түлектері «Алтын белгі» иеленіп, ҰБТ барысында төмен нәтиже көрсеткен мектептерде тексеру жұмыстарын жүргізе бастайтынын атап өтті.
"Бұл тексерістер нәтижесінің түлектерге әсері болмайды. Алайда, белгіні тағайындау барысында құжаттарды бұрмалау фактілері анықталған жағдайда мектеп басшылығына қатаң шаралар қолданылады", - Г. Көбенова.
Айта кетейік, бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қайта жарияланған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?