ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орта мектепте хиджаб киюге қатысты министрліктің ұстанымы туралы және Қазақстанда қыздар мен ұлдар бөлек оқитын рухани мектептер құру туралы бірқатар мәселелерге тоқталды.
"Хиджабқа қатысты - мектептерде оны киюге тыйым салынады. Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ", - деді ол.
Ұл мен қыз оқушыларды бөлек оқытуға қатысты сөзінде министр Ерлан Сағдиев "жеке білім мен діни білімді шатастырмауды сұрады".
«Қандай оқыту жүйесі болмасын, мектеп бағдарламасы бәріне ортақ. Сондықтан кез-келген мектептердегі кез-келген білім беру біз қабылдаған бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде жүргізіледі. Бұл бәріне де қатысты. Оған деген көзқарасымыз өзгерген жоқ. Қоғам бұған түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы