БҰҰ-ның шешімімен қызметіне тыйым салынған "Боко Харам" лаңкестік ұйымы жанкештілер есебінде әйелдер мен балаларды пайдаланып отыр. Бұл туралы АҚШ-тың Йель университетіндегі "Терроризмге қарсы күрес" орталығының зерттеулері нәтижесінде белгілі болды.
Зерттеушілер Нигериядағы "Боко Харам" лаңкестік ұйымының 2011 жылдан бері жасаған 434 террактісін қайта қарастырып, 338 оқиғаның 244-інде өзін-өзі жарып жіберген джихадшы әйел адам болғанын анықтаған. Террорлық актілерге әйелдерді жаппай қолдану 2014 жылы 16-18 жастағы қыз балалар білім алатын мекемеден лаңкестік топ 276 қызды ұрлап кеткен соң басталды.
"Терроризмге қарсы күрес" орталығының доценті Джейсон Уорнер: ""Боко Харам" лаңкестік ұйымы террорист портретін толықтай өзгертті. Олар жанкешті ретінде әйелдерді ер азаматтарға қарағанда ең көп пайдаланған тарихтағы бірінші террористік ұйым", - дейді.
Зерттеу қорытындыларына сүйенсек, жасын анықтау мүмкін болған 134 джихадшының 60 пайызы балалар мен жасөспірімдер болған. Қазіргі таңда тіркелген ең жас жанкештінің жас мөлшері - 7-де.
Джейсон Уорнер террорлық ак үшін неге әйелдер мен балалар таңдалатындығын былай түсіндіреді: "Әйелдер мен балалар қауіпсіздік қызметкерлеріне күдікті болып көріне бермейді. Көбіне денесін түгел бүркеген әйелдердің денесін кедендік бақылау кезінде түгел тексерілмейді. Кейде жаңа туған нәрестелердің арқасына жарылғыш заттар жабыстырып алатын сәттер де болады", - дейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?