Біраз уақыттан бері саябырсыған нигериялық «Боко Харам» террорлық ұйымы елде тағы да шабуыл ұйымдастырып, салдарынан 5 әскери қаза тапты. Бұл туралы франциялық france24.com/fr агенттігі хабарлайды.
Батыс Африка елі саналатын Нигерияның солтүстік-шығысында болған оқиға 5 адамның өмірін жалмағанымен қоймай, бірнеше адамның ауыр жарақат алуына себеп болды.
Шабуыл әрекеті негізінен Борно қаласына қарысты Бита ауылындағы бір әскери нысанға бағытталған. Аталған ауыр оқиғадан кейін әскерилер мен ұйым мүшелері арасында қақтығыс орын алып, ақыры көптеген ұйым мүшелерінің бейтараптандырылғаны хабарланды.
Нигерияда 2000 жылдардың басынан бері әрекет етуші «Боко Харам», тұтқындағы жетекшілері Мұхаммед Юсуф қайтыс болғаннан кейін, 2009 жылдан бастап қайтадан күшіне мінген еді. Содан бері елдегі террорлық оқиғалар мен қақтығыстар салдарынан жүз мыңдаған адам өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр болған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?