"Боко Харам" террорлық ұйымы үстіміздегі жылдың қаңтар айында Нигерияда қарулы қақтығыс ұйымдастырған еді. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 17 адам ауыр жарақат алған болатын. Сол жолғы қақтығыстан кейін "Боко Харам" белсенділері ұйымның таратылатынын айтып, ешқандай да бейбіт тұрғынның қаны төгілмейді деп уәде бергенмен, аталған ұйымның әлі де әрекет етіп жатқандығы анықталды.
Себебі, бүгін ұйым тарапынан тағы да шабуыл жасалып, жазықсыз 5 адам қаза тауып, көптеген бейбіт тұрғын жараланды. Нигерия ақпарат құралдары таратқан мәліметке сүйенсек, "Боко Харам" мүшелері Нигерияның шекарасында орналасқан Диффа аймағындағы Туммар орталық базарында қарулы қақтығыс ұйымдастырған. Куәгерлердің айтуларынша, себепсізден-себепсіз базардағы қарапайым халыққа оқ жаудырған террористер тез арада оқиға орнынан із суытқан.
Нигерияда 2000 жылдардың басынан бері ұйымдасқан түрде әрекет етуші "Боко Харам" террорлық ұйымы 2009 жылдан бері жасаған жаппай күш көрсету әрекеттері арқылы 20 мыңға жуық адамның өліміне себеп болған. Ұйым 2015 жылдан бері Камерун, Бенин, Чад сияқты шекаралық көрші елдерге террорлық шабуылдар жасап келді.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?