АҚШ президентінің 4 шілдеде ресми түрде жариялаған Париж келісімінен шығу туралы шешімі халықаралық ұйымдардың, әлем елдерінің басшылары мен оқымысты, зерттеушілері және ақпарат құралдарының күшті қарсылығына ұшырады. АҚШ-тың дүние жүзілік климат өзгерістерінің алдын алу туралы халықаралық келісіменен бас тартуы анық қате шешім деп жазғырды. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.

Ресей үкіметінің өкілдері Трамптың «Париж» келісімінен бас тартуы, тарихи тұрғыдан алып қарағанда кезіндегі Буш үкіметінің «Киото келісімінен» шегініп шыққанымен бірдей деп бағалап отыр. Сонымен бірге тарих сахнасындағы бір ел ретінде АҚШ-тың «Париж» келісімінен бас тартуы «өрескел қателік» деп сынға алды.

Қазіргі кезде, кейбір Еуропа елдері «Париж келісімін» мақұлдап үлгерді. Әлемнің өзге көптеген елдері де келісімін берді. Алдағы уақытта Ресей де бұл келісімге қол қоймақ. Тараптардың айтуынша, АҚШ келісім бермесе де, Жер шарының амандығы үшін аталған келісім атқарыла береді екен.

АҚШ-тың аталған келісімнен бас тартуының себебіне талдау жасаған еуропалық және ресейлік сарапшылар: «АҚШ-тың мақсаты осы арқылы келісімдегі кейбір тармақтарды өзгерту. Шығып кету арқылы, өзгелердің қолымен кейбір тармақтарын өзгертіп, өз мүддесіне пайдалы болған кезде қайта кіруі мүмкін», – деп қарайды.

Айта кетейәк, «Париж климат келісімі» секілді аса маңызды болған шешімдерді қабылдап, адамзат мекені бол,ан Жер шары климатының жылынуын айтарлықтай тежемесе, енді 70-80 жыл ішінде Жер бетіндегі көптеген өңірлер адам тіршілігіне қолайсыз климаттық өзгерістерге ұшырағалы тұр. Айталық, осы ғасырдың соңында Оңтүстік Азия өңірі адам тіршілік ете алмайтын аймаққа айналады.

“The Qazaq Times”