2017 жылғы маусымда халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі өткен аймен салыстырғанда 9,8%-ға төмендеген және бір айдағы көрсеткіш 316,0 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Реттеушінің мәліметінше, халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуының бұл көлемі қолма-қол АҚШ долларын нетто-сату байқалған 2016 жылды қоспағанда ең төменгі көлем екен. Соңғы 11 жылда яғни 2005 – 2015 жылдар аралығындағы маусым айларында нетто-сатып алудың орташа деңгейі 771,6 млн АҚШ долларын құраған.
Жылдың басынан бері нетто-сатып алу көлемі 1444,6 млн АҚШ доллары болған. Ал бір жыл бұрын қаңтар-маусым айында нетто-сату 759,8 млн АҚШ долларын құрапты.
Сонымен бірге маусымда мамырмен салыстырғанда халықтың қолма-қол АҚШ долларын сатып алу 1,9%-ға төмендеген, ал сату 4,0%-ға өскен.
Айта кетейік, Ұлттық банк "ұлттық валютаға сенім артты" деп үнемі айтып келеді. Алайда жоғарыдығы көрсеткішке мән берсек, қазақстандықтар биылғы жылдың 6 айында-ақ долларды екі есе көп сатып алған.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды