«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы 31 шілдеде өткен бірінші отырыс кезінде тәуелсіз директор Арман Дунаевты ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайлады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің жаңа құрамы банк акционерлерінің 31 шілдедегі кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен сайланған болатын. Сонымен Арман Дунаевпен бірге банктің басқару органына Сәуле Кішкімбаева, бас акционердің өкілі – Әлия Қарпыкова, тәуелсіз директорлар – Азамат Жолдасбеков пен Асқар Елемесов, сондай-ақ ҚКБ-ның басқарма төрағасы лауазымындағы Ульф Вокурка кірді.
Арман Ғалиасқарұлы Дунаев – тәжірибелі, кәсіби қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік және жеке сектор, сондай-ақ қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі бар. Тәуелсіз директор ретінде Halyk Group тобының Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «Халык-Life» АҚ сынды бірқатар компанияларының Директорлар кеңесінің құрамына кіреді «Altyn Bank» АҚ («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ЕБ) Директорлар кеңесін басқарады.
Айта кетейік, бұған дейін банктің директорлар кеңесін Кеңес Рақышев басқарған болатын.