Катардың көлік және коммуникация министрлігі және авиация өкілдері Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Египеттің төтенше жағдайлар кезінде Доханың әуе жолдарын ашуға рұқсат беру туралы шешімі жалған деп мәлімдеді. Бұл туралы ақпаратты Әл-Жазира (Al-Jazeera) телеарнасы таратты.
Сауд Арабиясының SPA ақпараттық агенттігі жексенбі күні Катарға қарсы одақ құрған төрт Араб мемлекеті 1 тамыздан бастап, төтенше жағдайлар кезінде әуе жолдарын ашу туралы шешім қабылдады деп жариялады. Берілген деректе "Жерорта теңізі үстінен өтетін бір халықаралық әуе кеңістігі мен 9 әуе дәлізі" ашылады делінген.
Катар билігі Араб елдерін Монтреалда өтетін кездесу алдында мұндай жалған ақпараттар таратпауға шақырды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?